Рамазан – жақсылықтың сауабы еселеніп жазылатын ай. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис-шарифінде: «Адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», – деп үмбетіне сүйінші хабар жеткізген болатын.
Осы мақсатта, Меркі ауданы, Тәтті ауылдық мешітінің ұйытқы болуымен Рамазан айында қайырымдылық жасалуда.
Іс-шараға жалпы саны 8 адам қамтылып, күнделікті тұрмысқа қажетті ұн, сұйық май, күріш, қой еті және шекер таратылды.
Бұл игі іс-шара Рамазан айының басталуымен өз жалғасын тауып келеді.
Көмек алған отбасылар, осы іс-шараны ұйымдастырып жатқан имамдарға, кәсіпкер азаматтарымызға өз алғыстарын білдіруде.
Алла Тағала амалдарымызды қабыл етіп, еселеп сауаптардан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі