Талас ауданы, Бөлтірік шешен ауылының имамының ұйымдастыруымен ауылдан шыққан азаматша Алша Әбдіқадірқызы ауыл тұрғындарына 1 қабы 50 кг болатын ұн таратты.
Қайырымдылыққа жалпы 1,4 млн теңге жұмсалды. Рамазан айында жақсылықта жарысу мұсылманның қуанышы дейтін болсақ, Алланың разылығын іздеген, елдің батасын сұраған кәсіпкерлерге ауыл имамы жылы лебізін білдіріп, дұғасын жасады.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі