Рамазан айы қайырымдылық айы, бұл ай сауаптар еселенетін ай. Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің жанындағы асханада күнделікті ауызашар берілуде.
Мешіт имамы ауызашарды тиімді пайдалану мақсатында күнделікті дастархан басында «Рамазан – Ихсан айы» тақырыбында уағыз-насихат жүргізуде. Атап айтсақ жүрек дерттері, нәпсімен күрес, құлшылыққа бекем болу т.б. тақырыптарды егжей-тегжейлі түсіндіруде.
Алла Тағала ұстап жатқан оразаларымызды, беріп жатқан ауызашарларымызды қабыл еткей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі