Тараз қаласының Төле би 4 мекен жайында орналасқан жатақхананың шатыры өртеніп, бесінші қабаттағы 24 пәтерді су басты. Осы себепті тұрғындар далада қалды.
Өрт деген тілсіз жау, қиындыққа ұшыраған халықтың ашуын басу үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Зекет және Қайырымдылық" бөлімінің өкілі Тараз қаласының бас имамы Ержан Маханұлы кәсіпкер азаматтарды ұйымдастырып, әр отбасыға қаржылай көмек көрсетті. Жалпы 520 000 теңге көлемінде көмек берілді.
Халыққа уағыз-насихат айтып, қайғы мұңын бөлісті. Алла тағала Құран Кәрімде: «Демек, әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар, Иә, рас әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар» -деп, адамдарды сабырға шақыруда.
«Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі