Жамбыл ауданы Бірлесу-еңбек ауылы «Бірлесу-еңбек» мешітінің имамы Сакен Жолдасбаевтің ұйымдастыруымен жағдайы төмен алты отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.
Азық-түлік ретінде үлестірілген көмекке екі жүз мың теңге қаражат жұмсалған. Қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігінде «ізгі қоғам» бағыты аясында жасалып отырған қайырымдылық көмекті алған отбасылар ауыл имамына өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі