Меркі ауданы Тәтті ауылдық мешітінің имамы Асхат Көпбосынов көмек сұрай келген жанға қол ұшын созды.
Мешітке қызының аяғының зақым алып, қазір сол аяғының сүйектері дұрыс бітпеуіне байланысты, аяғының ішке қарай қисайып бара жатқандығы, соған арнайы ортопедиялық ұлтарақ сатылатынын айтып, көмек сұрап келген әпкеміздің көңілін қалдырғысы келмеген имам, көмек қолын созды.
Көмек алған әпкеміз қыздың аяқ киіміне ортопедиялық ұлтарақ салынып, қазір қолданыста екенін жеткізіп, өз алғысын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі