Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде «Отбасындағы Ихсан» тақырыбында жас жұбайларға арналған семинар өтті. Семинарға аудан бас имамы Қанат Әділханұлы және жас жұбайлар қатысты.
Қанат Әділханұлы «Қазақта «Отан отбасынан басталады», - деген қанатты сөз бар. Әрбір адам өз отбасына үлкен жауапкершілікпен қарап, ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие берсе, ол бала ертең отбасына, еліне дұрыс қызмет ететін болады.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде былай деген: «Сендердің ең жақсыларың отбасы мүшелерімен жақсы мәміледе болғандарың» - деп, отбасымен жақын мәміле жасап оларға көңіл бөлу керектігін айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис-шәріптерінде: «Ер адам өз отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағылар үшін жауапты, әйел өз үйі мен балаларының бақташысы сол үшін жауапты» - деген. Ер адам өз отбасын ас-ауқат, киім-кешекпен қамтамасыз етуі қажет», - деді. Шара соныңда жас жұбайларға Рамазан сыйлығы берілді.