Жамбыл ауданы Жасөркен ауылы «Тұрыс» мештінде ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы Жасөркен шекара заставасының әскери борышкерлері жиырма шақты тал егіп мешітке өз үлестерін қосты.
Қазақта «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұлағатты сөзді ұғынған әскери қызметкерлерге ауыл имамы өз алғысын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі