Жамбыл ауданы Аса ауылында 4 жыл бойына қасиетті жұма күндері жиырма тегін нан таратып келген «Бауыржан» дүкенінің саудагері Камшат қасиетті Рамазан айында да тегін нан таратты.
Рамазан айында мұсылмандар тек ауыз бекітіп, Тарауих намазы, Құранды хатым ету және басқалай құлшылықтарды күшейтіп қана қоймай, адамзат баласын азғындықтан сақтап қалған Қасиетті Құран түскен қасиетті айға деген ерекше құрмет ретінде айналадағы мұқтаж жандарға қарайласып, араздасқан жақындарыңмен татуласып, туыс-бауырмен қарым-қатынасыңды нығайта түсіп, біреуді ғайбаттау немесе арамдық ойлау сынды, барша жамандық атаулыдан аулақ болуға барынша тырысады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі