Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қасиетті Рамазан айында қасиетті жұма намазын өткізді. Құран – ақиқат пен жалғанды ажыратып, адам баласына екі дүниеде де бақытты болудың жолын көрсететін иләһи кітап.
Құранның жүйелігінде насихат жасап, ізгілікке шақырғанда екі әдіс қолданылған. Бірі – адамдарды тозақ азабымен ескертіп үрейлендіру. Ал екінші жол – ізгі іс жасаған момындарды жәннатпен сүйіншілеп қуандыру. Расында, адамның ең жақсысы ‒ басқаларға пайдалы болғаны, ал істердің ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі ‒ адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау. Қоғам мейірімге, жан жадыратар жақсылыққа мұқтаж.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі