Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аймақтағы діни ахуалды бақылау мақсатында аудан орталығында орналасқан «Жақсымбет» мешітінде жұма намазын оқып, жамағатпен кездесті.
Қасиетті жұма күні «Жақсымбет» мешітіне намаз оқуға келген жамағатқа «Өзгені қуанту – сауапты іс» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз соңында жамағатпен сұхбаттасу барысында талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдап, көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
Жұма намазын жамағатпен өткізіп, елімізге, жерімізге дұға жасап тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі