#Меркі ауданы: «Берекелі жұма» қайырымдылық шарасы жасалды

#Меркі ауданы: «Берекелі жұма» қайырымдылық шарасы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы" деген. Қасиетті Рамазан айының соңғы жұма күні Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің имамы Мадияр  Көктал қасиетті жұма күні «Берекелі жұма» қайырымдылық науқанын өткізді.

Қайырымдылық жанұя мүшелерінде мүгедектігі бар, аз қамтылған 18 отбасыға, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктей (ұн 25 кг, шекер 4 кг, күріш 3 кг, макарон 5 кг, шәй 1 қорап, дайын кеспе, тамат, қарақұмық, сұйық май және т.б.) берілді.

Көмек алған отбасылар жасалып жатқан «Берекелі жұма» қайрымдылық науқанын ұйымдастырып жатқандарға, демеушілік жасап жатқандарға алғастарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Алла нәсіп етсе, атымтай жомарттарымыз аман болса, игі іс-шаралар алдағы уақыттада өз жалғасын таба бермек.

Демеушілік жасап жатқан жомарт жандарға алғыстарымызды білдіреміз!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: