#Меркі ауданы: Қарияларға құрмет көрсетілді

#Меркі ауданы: Қарияларға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінің имамы Азамат Берікұлы ауданымызға еңбегі сіңген Сұлтан атамыз бен апамызды қабылдап, сый-құрмет көрсетті.

Сұлтан атамыз апамызбен бірге қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасында бас имамды Рамазан айымен құттықтап кетуге келіпті. Үлкендердің батасын алуға жаны құштар Азамат Берікұлы, атамыздың ыстық ықыласына бөленіп, мешіт атынан Сұлтан атамызға қасиетті Құран кітабын, апамызға «Оразаның әдептері» атты кітапты сыйға тартты. Атамыз сыйлыққа разы болып, Құран кітапты сүйіп, маңдайына тигізіп, Алланың сөзі Құран кітапқа құрмет көрсетті.

Ата апамыз бас имамға баталарын беріп, елімізге, жерімізге дұға жасады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: