Меркі ауданына қарасты мешіт имамдары мешітке көмек сұрай келген мұқтаж жандардың өтініштерін жерге тастамай, өз көмектерін көрсетіп келеді.
Атап айтсақ, орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлына осы айда бірнеше адам өз жағдайын айтып қайырылған. Енді бірі қарыз алып, төлей алмай жатқанын айтса, екіншісі жол ақысынан қысылып жатқанын, енді бірі азық-түліктің тапшылығынан қысылғанын айтқан.
Бас имам өз көмегін беріп, көмек алған отбасылардың ыстық ықыласына бөленіп, ризалықтарын алды.
Әр қашанда көмекке жаны құштар имам әр қашанда көмекке әзір екенін айтып, жылы жүзбен шығарып салды.
«Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі