Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінде тарауих намазының алдында мешіт имамы Ғани Жанұзақұлы «отыз күнде отыз уағыз» жобасы аясында жамағатқа «көркем мінез» турасында уағыз айтты.
Көркем мінез, көркем мәміле турасында насихат айтқан ауыл имамы, жамағатты туысқанмен, ағайын – туыстармен, тіпті көршімен көркем мәміле жасау керектігін баса айтты. Расында, мұсылман баласы көркем мәміле жасай білуі шарт. Сонымен бірге, көркем мінез бұл Аллаға ең ұнамды қасиеттерден екені баршамызға мәлім. Сондықтан, мінезіміз бен адамдармен мәмілеміздің барынша жақсартқанымыз жөн.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі