#Байзақ: БАС ИМАМ АУДАН АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: БАС ИМАМ АУДАН АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы аудан ардагерлерімен кездесті.

         Ардагерлермен кездесу Байзақ аудандық «Аманат» партиясының мәжіліс залында өтті.

         Кездесуге Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермеков Серік, аудандық қоғамдық келісім төрағасы Құмғамбаев Жұманғали, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Шырын Мамашайқызы және 18 ауылдық округтерден келген ардагерлер кеңестерінің төрағалары қатысты.

         Жиын барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермеков Серік мырза Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлын кездесуге келген ақсақалдарға таңыстырып өтті.

         Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы: Сіздермен біз кездесуді жоспарлап едік. Алла Тағала бүгін сәтін салып сіздермен дидарласып отырмыз. Бүгінгі біздің қозғайтын мәселеміз қоғамымызда орын алып жатқан ысырапшылдық жайында және де жаназа жерлеу рәсімдеріне қатысты. Қазақ халқына: «Өлім – бардың малын шашады, жоқтың артын ашады», - деген сөз бар. Дана халқымыз үш күнге дейін қазан астырмаған. Қазіргі жағдайға қарайтын болсақ, қаралы үйде адамдар келсе жылап күтіп алып, шыққаннан кейін мәйітті жерлеумен емес, керісінше мал іздеп, ас берумен әуре болып жатады.

Құрметті ауыл ақсақалдары, осы мәселені бірлесіп қолға алсақ деген ойым бар. Жаназа жерлеу рәсімдеріне қатысты бұл жиын бүгін міне үшінші рет жасалып отыр. Осы уақытқа дейін Ақжар, Түймекент ауылдарында кездесіп осы мәселені көтерген болатынбыз», - деді.

         Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермеков Серік осы мәселені қолдайтындығын жеткізді.

         Ыңтымақ ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәулетов Жамбыл Мәдімар ауылында жаназаға қатысты үш күнге дейін тамақ бермеу мәселесі толықтай қолға алынғандығын және ауылды ішімдіксіз ауыл қылу үшін түсіндіру жұмыстары жасалып жатқанын, әрі бұл іс өз жемісін беріп жатқанын жеткізді.

Аудандық ардагерлер кеңесі әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы Балабеков Серік бұл мәселені дәл сол қаралы үйде емес, қариясы ауыр халде жатқан үйлерге науқастың жағдайын сұрауға барғанда Республика бойынша қолға алынып жатқан бұл талаптарды орынды етіп, байыппен жеткізгеніміз дұрыс деген салмақты ой айтты.

Бұл шара барысында қозғалған мәселенің қоғам үшін аса маңыздылығына орай, басқа да аудиторияларда, әсіресе жастарға, орта жастағы кісілерге осындай кездесулер ұйымдастырудың қажеттілігі сөз болды.

 Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: