Қасиетті Рамазан айында адамдар көбірек жақсылық жасап, ізгі амал істеуге асығады.
Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы бастаған мешіт ұжымы мен белсенді жастар бірігіп "Рамазан керуені" атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне тұрмыс жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Кейбіріне қораптар үйді-үйіне жеткізілді. Оразада «Рамазан керуені» атты қайырымдылығына қол жеткізген жұртшылықтың айтар алғысы зор.
Демеушілік жасаған жастарымыздың ниеті қабыл болып, Алла Тағала сауаптан жазғай! Рамазан айында осынау сауапты іске барша аудан кәсіпкерлерін үндейміз! Оразамыз қабыл болғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі