Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ақсақалдарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, шапан жапты. Аудан имамының игі ісіне риза болған қариялар ақ баталарын берді.
«Қарты бар үйдің-қазынасы бар», – деп, дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады», – деген қанатты сөздер бар. Өйткені, кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі