Жамбыл ауданы Тастөбе ауылы «Тастөбе» мешітінің имамы Абитов Музафардың бастамасымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «қолдан қолға» қайырымдылық науқаны аясында қайырымдылық көмек ұйымдастырылды. Аталмыш науқан барысында, жиырма отбасына ұн қапшықтары үлестірілді.
Ауылдық кәсіпкер Қырықбаев Арқабектің демеушілігімен жүзеге асып отырған ауқымды шараға ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы да қатысты. Сонымен бірге, аталмыш науқан аясында аудандық мешіт тарапынан бес отбасына азық-түлік себеттері таратылды. Барлығы жиырма бес отбасыға үлестірілген қайырымдылық көмекке төрт жүз мың теңге қаражат жұмсалды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі