Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінде тарауих намазының алдында ауыл имамы Таджибаев Қатарбай «Рамазан – ихсан айы» тақырыбында уағыз айтты.
Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде айтылғандай, Ихсан ілімінің құлшылықтағы мәні: «Аллаға Оны көріп тұрғандай құлшылық етуің. Егер Оны көре алмасаң, Ол сені көріп тұрады». Хадиске түсіндірме жазған ғұламаларымыз Ихсан ілімі адамның құлшылығымен қатар оның күнделікті сөзін, іс-әрекетін, қызметін, тіпті бүкіл өмірін қамтитынын айтқан.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі