Ауызашар берудің сауабы мен әдебі айлардың сұлтаны Рамазан айында Алла Тағаланың пенделеріне нәсіп еткен шексіз мейірімінің бір айғағы. Бұл айда Аллаға мойынұсынған жұмыр басты пенделерге сауап жинаудың өте көп мүмкіндіктері берілген. Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің мүбәрак хадистерінің бірінде: «Мұсылмандар үшін бұл айдан қайырлы ай жоқ», – дейді. Міне, осы хадисте айтылғандай, Рамазан айында шексіз мейрімді Жаратушы Жаппар Иеміз жасалған игі істердің сауабын еселеп беріп, Өзінің жомарттық сипатын айдай әлемге паш етеді.
Сауабы мол айда игі іс жасап, оның ішінде ауызашар беруге әркім асық. Бүгін Қордай аудандық мешітінде Президенттің атынан ауызашар берілді.
Жиынға облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы қатысып, рамазан айының артықшылығы жайлы уағыз айтты. Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы құран оқып, көпшілік бірге дұға жасап тарқасты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі