Бауырластық

Бауырластық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласы жалғыз өзі жеке өмір суре алмасы белгілі. Себебі адам баласынан көппен, қоғаммен күнелтуге  жаралған. "Бауыр" сөзі бір әке, бір анадан туған ағайындармен қатар, бір сенімде, бір дінде болған имани бауыр деген ұғымда да қолданылады. Алла Тағала  иман келтіргендердің жүрегін бауырмалдық арқылы бір-біріне  бекіткен.

Алла Тағала Қасиетті Құранда: "Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін  еске алыңдар. Өйткені:  Бір-біріңе дұшпан едіңдер , жүректеріңнің арасын жарастырды , Оның игілігімен бауырға айналыңыздар " – деп айтады. "Али – Имран " сүресі , 103- ші аятында ,

Бірлік мәселесінде бауырлар  тоғайдың бұтақтары іспеттес болуы керек. Бұтағы көбейген сайын тоғай қуаттала түсіп,  оған қатты жел әсер ете алмайтындай ауызбіршілігі мен бауырмалдылығы мығым елге ешқандай қара жамандық әсер ете алмайды.

Бұндай бауырмалдылықтың  негізгі нәрі – имандылықта.

Алла Тағала Құран кәрімде: "Расында, иман келтіргендер бауырлар  " - деп айтқан ("Хужурат" сүресі , 10- шы аят) Пайғамабарымыз (с. а. у ) адамдарға насихат айтқанда әрдайым  олардың өзара бауыр екендіктерін жиі  естеріне салып отыратын.    

Имам Бухари Муслимнен  келген  хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у) "Бір-біріңмен  қарым-қатынасты үзбеңдер, бір-біріңе көреалмаушылық қылмаңдар, бір-біріңе бауыр болыңдар. Мұсылманға бауырына үш күннен артық ренжуіне болмайды "  делінген.

Денені құраған ағзалар бірігіп  жұмыс жасаған уақытта дене сау болатыны сияқты, қоғамның мүшесі саналатын адамдар да, бауырмашыл болса, өркендеп гүлденеді. Пайғамбарымыз (с.а.у)  бұл жайында: "Муминнің мүминге қатысы  бір бүтін ғимарат іспетті  " – деп екі қолының саусақтарын  бір-біріне кіргізіп айқастырғандығы айтылады (имам Бухари, Мүслим). Демек, дененің бір жері ауырса, сол дертті бүкіл дене сезінетініндей қайғы мен қуанышта мұсылмандар бір дене іспеттес болуы керек. Бауырмалдылықты арттыратын істердің бірі – бауырлар бір-бірін риясыз көңілмен, Алланың ризалығы үшін жақсы көрулері керек. Бұндай өзара  сүйіспеншілікте болған пенделер үшін көп деген ійгіліктер мен сауаптар әзірленген.  

Пайғамбарымыз (с.а.у) Әнас (р.а) жеткен хадисінде: "Бойында мынандай үш сипат табылған адам иманның дәмін сезеді: Алла мен Оның елшісін барлық нәрседен артық жақсы көрген кісі . Бір адамды жақсы көрсе, тек Алла ризалығы үшін жақсы көреді. Соңғысы отқа түсуді қалай қаламаса, күпірлікке де дәл солай оралуды қаламаған адам  " – деп айтқан (имам Бухари, Муслим)  

Шынайы бауыр болу үшін мұсылман адам өзін ойлағандай, өзге мұсылмандарды да уайымдап, ойлай билуі қажет. Хадісте:"Өзі үшін жақсы көргенін бауыры үшін де жақсы көрмейінше, ещқайсыларың толық иман келтірген болып саналмайсыңдар"  - деп айтылған (имам Бухари,  Муслим)

Хакім Абай  он төртінші  қара сөзінде :"Рақымдылық, мейірбандылық  әр-түрлі істе адам баласын өз бауырым  деп , өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұл- жүрек ісі " ,-дейді. Демек мұсылман адам бауыры үшін жүрегімен уайымдап, керек кезде қасынан табылып, оның ақысын орындауға бар ынта-жігерін салуы қажет. Тіпті Құлшылығының өзінде өзі үшін дұға етуімен қатар бауыры үшін де дұға етіп жүргені дұрыс.  

Пайғамбарымыз , (с.а.у) "Мұсылманның бауырының сыртынан жасаған дұғасы қабыл. (Өйткені оның жанында өкілетті періште тұрып , оның бауырына жақсылық дұға тілеген сайын, өкілетті періште де:"Әмин,  сағанда сол айтқандарың нәсіп болсын " деп айтады  ", -деген (имам Муслим, Әбу Дәуід).

"Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай гөр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізге кірбіңдік берме! Раббымыз, шүбәсіз Сен тым жұмсақ, ерекше Мейірімдісің".                                

 Аңсар Абилов

Хаджи Тамаль Медина мешітінің  имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: