Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келуші жас шәкірт жамағатқа намаз оқу тәртібін түсіндірді.
Ауданның бас имамы жас балаларға намазда орындалатын қимыл – қозғалыстармен бірге, оқылатын сүрелер мен дұғаларды да жаттауға көмектесті. Намаз - діннің діңгегі, пенде мен Раббысы арасындағы байланыс көпірі. Сондықтан ол – құлшылықтардың ең биігі әрі ең мәртебелісі. Намаз арқылы мүмін өзін жоқтан бар еткен Раббысына миғраж жасайды. Намаз арқылы күнәсі төгіледі.
Алла Тағала мұсылмандарға барлық жағдайда - үйінде және сапарда, дені сау және ауырған кездерінде намазға ұқыпты болуды бұйырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі