Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылы «Қорағаты» мешітінің имамы Байғожаев Нұрдәулеттің қолға алуымен ауылдағы қалталы азамат малының зекетін берді. Зекетті ауылдағы тұрмысы төмен, көпбалалы және жалғыз басты анаға табыстады.
Зекет – Ислам дінінің негізгі бес тіректерінің бірі. Зекет тілдік тұрғыда: тазару, өсу, өну, арту және береке деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғатымызда зекет деп – нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады.
Алла Тағала Қасиетті Құранның көптеген аяттарына зекетті намаз құлшылғымен бірге бұйырған. Бұл да біздерге зекеттің қаншалықты маңызды амал екенін көрсетуде.
Сол себепті де мұсылман адамның мал-дүниесі нисап мөлшеріне жеткен болса, оның белгілі бір бөлігі мұқтаждардың ақысы болып есептелінеді. Зекет парыз амал болғандықтан ондай адамдардың зекетті бермей қоюына болмайды.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі