Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазын өткізді. Жамағатқа «Ислам кедей болуға үндемейді, бай олудың пайдасы» турасында уағыз жүргізді.
Байлық – қоғамға және жеке адамға қатысты материалдық игіліктермен рухани құндылықтарды білдіретін ұғым. Байлық рухани және материалдық болып екіге бөліп қарастырылады. Рухани байлық дегеніміз пенденің жүрегіндегі иман байлығы болса, материалдық байлық – өмірде жиған-терген дүниеміз. Асылында, адам баласы өмір сүріп жүрген қоғамда тиісті деңгейде тіршілік етуі үшін қос байлықты құстың қос қанатындай тең дәрежеде ұстау керек.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



16 Январь 2026
27 Раджаб 1447

