#Меркі ауданы: Қайырымдылық – асыл қасиет

#Меркі ауданы: Қайырымдылық – асыл қасиет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады.

Бүгінде, осындай игі істі қолға алып отырған Меркі ауданы, Тәтті ауылдық мешітінің имамы Көпбосынов Асхаттың ұйымдастыруымен 3-4 жыл көлемінде қатерлі ісікпен алысып, ем қабылдап жатқан қарындасымызға электронды арба сыйға тартты.

Айта кетсек, Көпбосынов Асхат ағамыз өзі жақында ғана жүрекке ота жасатып келген болатын. Өз жағдайынан көрі халықтың жағдайына уайымдаған ағамыз, тынбай еңбек етуде. Алла Тағала барша бауырларымызға күш-қуат, денсаулық берсін.

Сыйлық алған отбасы осы игі іске атсалысқан барша азаматтарға өз алғыстарын білдірді.

 Ауылымызда осындай көзі ашық, мейірімді, жанашыр бауырларымыздың көп екені көз қуантады. Қайырымдылыққа атсалысқан ауыл тұрғындарына  айтар алғысымыз шексіз.

Алла Тағала осы қасиетті айда жасап жатқан амалдарымызды қабыл етіп, сауаптан жазсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: