#Меркі ауданы: Аудан әкімі ауызашар берді

#Меркі ауданы: Аудан әкімі ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Он екі айдың сұлтаны - Рамазан айы кезінде жер-жерде ауызашар рәсімі өткізіледі. Күні бойы ауыз бекіткен адамның аузын аштыру арқылы қасиетті айдың мәртебесі көтеріледі. Барша мұсылман баласы ораза кезінде бір-біріне деген құрметін, шынайы ықыласын осылайша көрсетіп бағады.

Қасиетті Жұма күні Орталық мешітте аудан әкімінің ауызашары ұйымдастырылды. Мешіт асханасында барша мұсылман қауым үшін ақ дастархан жайылып, ерекше ауызашар берілді.

Ауызашар дастарханы басында орталық мешіттің бас имамы Азамат Берікұлы қонақтарға уағыз-насихат айтып, Рамазан айының қадір-қасиетін түсіндірді. Сауабы мен шапағаты мол айда сауапты істерді жиі атқарып, рухани кемелденуге шақырды.

Рамазан – мейірім айы. Рамазан – шапағат айы. Бұл айда – жақсылық амалдар көбірек атқарылу керек. Біз осы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мейірім танытып, көңіл бөлу арқылы ұлтымыздың қонақжайлылығы мен дархан көңілділігін дәріптейміз, - деді бас имам Азамат Берікұлы.

Алла Тағала ауызашар беріп жатқан бауырларымыздың ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: