#Шу: Бахтияр Амиреев "Тоғай" мешітінде ауызашарға қатысты

#Шу: Бахтияр Амиреев "Тоғай" мешітінде ауызашарға қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев Шу қаласы "Тоғай" мешітінде ауызашарға қатысты. Ауданның діни көшбасшысы "Оразаның артықшылығы" жайында насихат айтты. 

Бас имам: "Расулулла (с.ғ.с.): «Рамазан айында шын иман келтіріп және сауабынан үміттеніп ораза ұстаған адамның бұрын iстеген күнәлары кешiрiледi» («Сахихүл-Бухари»), – деген. Ал, ораза үшін берілетін сауап мөлшеріне келер болсақ, Расулулла (с.ғ.с.) бір сөзінде: «Адам (ғ.с.) баласы-ның барлық амалының сауабы оннан жеті жүз есеге дейін еселеніп беріледі», – десе («Сахиху Муслим»), екінші бір хадисінде: «Хақ тағала айтады: «Адам (ғ.с.) баласының барлық амалы өзі үшін. Тек ораза Мен үшін. Оразаның қарымын мен беремін». Ораза – қалқан. Ораза ұстағандарың жаман сөз айтпасын, дауласпасын. Біреу оны балағаттаса немесе онымен жанжалдасса, ол: «Мен оразамын», – десін. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жаны билігінде болған Алла тағаламен ант етем! Қиямет күні Жаратушы Иенің жанында ораза ұстаушының аузының иісі мисктің иісінен абзал. Ораза ұстаушыға екі шаттық бар: Бірі – ауыз ашқанда қуанады. Екіншісі – Қияметте Раббысы-мен жүздескенде ораза ұстағанына қуа-нады», – деген"- деді уағызында.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: