Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әмиреев "Кәрібай молда" мешітін зиярат етіп барды. Жамағатпен бірге ауыз ашып, "Ризық Алладан келеді" тақырыбында көркем уағыз айтты.
"Адам бұл дүниеде мал-дүниеден мұқтажсыздықта өмір сүре алмайды. Себебі, ол тәнін азықтандыруы, мүшелері сау бола тұра өзгелерден қол жайып ештеңе сұрамауы қажет. Екінші жағынан, ислам адамды мал-мүлікті болудан тоспайды, керісінше, бай әрі қабілетті, күшті болуы үшін көптеген оңай жолдарды көрсетіп береді" - деп ризықтан Алладан келетінен және қуатты мұсылман болудың артықшылығын атап өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі