Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!

Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Баршаларыңызды күн мен түннің теңескен, күллі түркі жұртының дәстүрлі мерекесі болған, бағзы заманнан қалыптасқан жылбасы – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Азаттықтың ақ таңы атқаннан бері қаймана қазақтың қай баласы болсын, Наурыз мейрамының қадір-қасиетін жете түсінуде. Жалпы тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда ғана құт қонып, береке орнайды. Сондықтан да Наурыз табиғат пен қоғамның, адам мен адамның, ел мен елдің ара-қатынасындағы тепе-теңдік заңын сақтайтын бастау бұлақтар мен таланттардың қайнар көздерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын сән-салтанатты мәнді де сәнді және мағыналы мереке.

Дінімізге негізделген дәстүріміз бойынша ұлыстын ұлы күнінде адамдар бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып, кешірімге келіп, татуласқан. Мол дастарқан басында ақжарқын көңілмен жүздесіп, жеті түрлі дәмнен тұратын наурызкөжеден дәм татқан. Шуақты мерекеде тал көшеттері егіліп, бұлақ көзі ашылатын болған. Көктемнің жаңару күнінде айнала тазартылып, топыраққа дән түскен.

Ауызбіршілік пен татулықтың мерекесі болған Әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын!

Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, Алла амандық пен молшылық беріп, бақ-берекеміз арта берсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын!

 

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: