Кісі айыбын ашу да күнә!

Кісі айыбын ашу да күнә!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кісі айыбын жабу – біле білгенге Жаратушымыздың бір мінезі. Бұған Мұса пайғамбардың кезінде болған мына бір оқиғаны тілге тиек еткен орынды. Бірде елді қуаңшылық жайлап Мұса пайғамбар (а.с.) қауымын ертіп, тасаттыққа шығады. Дұға жасап, Алладан жаңбыр тілейді. Бірақ дұға қабыл болмай, жаңбыр жауа қоймайды. Сонда Мұса пайғамбар (а.с.) қолын жайып: «Я, Алла тағалам! Сен менен тіле, сонда жаңбыр жаудырам, қуаңшылықтан құтқарам деп едің. Бірақ қанша дұға жасасам да, дұғамды қабыл қылмауыңның хикметі не?» – деп сұрайды. Сонда Алла тағала: «Дұғаңның қабыл болмауы, араларыңда жасаған күнəсына тəубе етпеген біреу бар, сол тəубаға келмейінше дұғаң қабыл болмайды», – деп жауап қатады. Сонда Мұса пайғамбар: «Онда ол адамның кім екенін білдіре гөр», – дегенде, Алла тағала: «Менің бір есімім – Саттар, яғни пенделерімнің күнəларын жасырып тұрамын. Ешбір құлымның күнəсін əшкерелегенді қаламаймын. Сендер бірің қалмай тегіс тəубаға келіңдер, сонда араларыңдағы əлгі кісі де тəуба етеді», – деген екен. Байқасаңыз, Алла тағаланың өзі де құлдарының ешбір күнəсін əшкерелегісі келмейді. Қайта Ұлы Саттар ретінде олардың күнəларын жауып тұрады. Демек, бұл – күнə атаулыдан пəк Ұлы Жаратушымыздан жұғатын сипат болғаны. «Білімді адам əр нəрсенің байыбын айтады, білімсіз адам басқаның айыбын айтады» демекші, өзгенің айыбын жасыра білу – барша пайғамбарлардың да бойындағы көркем қасиеттердің бірі. Ешбір пайғамбар өз үмбетінің қателіктерін жіпке тізу арқылы оларды имандылыққа тəрбиелемеген. Иса пайғамбар (а.с.) айтқан екен деген мына бір оқиға осыны ұқтыруда. Иса пайғамбар (а.с.) бірде: «Ұйықтап жатқан адамның ұятты жері ашылып қалса, қайтер едіңдер?» – дегенде, насихат тыңдауға жиналғандар: «Жабамыз», – деп жауап қатады. Иса пайғамбар (а.с.): «Қайдам, қайта жабық тұрған жерлерін қоса ашып тастайтын сияқтысыңдар», – дейді. «Ол не дегеніңіз?» – дегенде, ол өз сөзінің астарын былай деп түсіндіреді: «Біреудің айыбын жасыру – ашылған адамның ұятты жерін жапқан тəрізді адамдық іс. 

   Пайғамбарымыз (саллалаһу аләйһи уә сәллам )  кісінің айыбын жасырудың бір хикметі ол кісінің сол айыпты ісін ашық жасауға жол бермеу, себебі пенде ұялып, жасырған ісі әшкере болған жағдайда,ол бәрі-бір жария болды деп, ол істен тиылмай жалғастыра түседі. Пайғамбарымыз (саллалаһу аләйһи уә сәллам ) тағы бірде: «Тың тыңдаған адамның құлағына қиямет күні ерітілген қорғасын құйылады», деген екен.

Адамдардың ізін аңду, кем-кетігін шұқылау жиркенішті қылық. Әсіресе, бүгінгі жариялылық үстемдік құрған уақытта бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамда құлап жатқан бір кісіні көрсек те, қолынан демеп тұрғызудың орнына қалтамыздан ұялы телефонды алып, әлеуметтік желіге жүкткеп, жаны мен қатар арын да азаптап жатамыз.

Дініміз адамдардың басқан ізін аңдып, жеке істерін жария қылуға тыйым салады. Алла тағала Құранда: «Уа, мүминдер, бір-біріңді аңдымаңдар», - деген ( «Хужрат» сүрсі,» 12-аят).  

Пайғамбарымыз (саллалаһу аләйһи уә сәллам ): «Күмәншіл болудан сақтаныңдар. Орынсыз күмән сөздің ең жалғаны. Жел сөзге құлақ түрмеңдер - деген. Жұрттың айыбын іздемеңдер», -деген. Тағы бірде: «Мұсылмандардың бойынан мін іздеп бәлеге соқтықпаңдар,» деп түсіндірген. Абдуллаһ ибн Масғудтың (р.а.) алдына жазаға тарту үшін бір адамды: «Бұл сақалынан шарап тамған тамған пәленше деген маскүнем» деп алып келеді. Сонда ибн  Масғуд  бұларға қарап тұрып: «Біз адамдардың кем-кетігін тексеруден тыйылдық. Өздігінен көзге бадырайып көрініп тұрған кемшілік болса, оның жөні бір басқа. Оған шара қолданамыз», - деген екен.

Айша анамыз (р.а.) айтуынша  Адамзаттың асыл тәжі ардақты Пайғамбарымыз (саллалаһу аләйһи уә сәллам ) өзінің  өнегелі өмірінде ешкімнің қателігін көзіне шұқып көрсетіп , қателігін көзіне шұқып көрсетіп  бетіне баспаған. Қате істі байқаған сәтінде  сол кісінің атын жарияға жар салмай , мешітке жиналған жамағатқа жалпылама ескерту жасайтын. Елге қарата «Араларыңыздан кей кісілерге не болған , осындай –осындай жамандыққа бой беріп жүр»дегенде , кімге қарата айтылғанын әлгі адамның өзі іштей сезіп  көп өтпей сол қателігін түзететін.

Ешбір пайғамбар өз үмбетінің қателіктерін жіпке тізу арқылы оларды имандылыққа тәрбиелемеген. Иса пайғамбар(а.с) бірде: «Ұйықтап жатқан адамның ұятты жері ашылып қалса, қайтер едіңдер?» - дегенде, насихат тыңдауға жиналғандар: «Жабамыз»,- деп жауап қатады. Иса пайғамбар (а.с.): «Қайдам, қайта жабық тұрған жерлерін  қоса ашып тастайтын сияқтысыңдар », - дегенде,  ол өз сөзінің астарын была деп түсіндіреді: «Біреудің  айыбын  жасыру – ашылған адамның ұятты жерін жапқан тәрізді адамдық іс. Ал қосыла жамандасу - ашылмаған жақтарын да қоса ашып тастағанмен тең. Бұл өте үлкен тәрбиесіздік », - деген еді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: