РАМАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН БАС ИМАМ ҮНДЕУІ

РАМАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН БАС ИМАМ ҮНДЕУІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты Жамбыл облысы тұрғындары мен кәсіпкерлеріне арналған «Арақ күнәлардың анасы» атты

ҮНДЕУ

Құрметті, Жамбыл облысы тұрғындары мен кәсіпкерлері! Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, Алла тағала отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге береке берсін!

Рамазан айы – барша мұсылман халқы ораза ұстап, игі де сауапты істерді молынан атқаруға және дініміз тыйым салған жаман істерден аулақ болуға шақыратын ай. Әрбір мұсылман осы айда жаман істерден бойын аулақ ұстауға тырысары анық. Осы айда күналардың анасы саналатын алкогольді ішімдіктерді тұтыну мен оларды сатуды тоқтату – қасиетті Рамазан айы мен ораза ұстаушыларға деген ерекше құрмет болар болып есептеледі. Қасиетті Құранда «Құран, құрбандық, ораза, намаз секілді Ислам дінінің айқын белгілерін ұлықтаудың Аллаға деген ерекше құрмет екендігі білдірілген. Осы орайда Сіздерді қасиетті айға барынша құрмет көрсетіп, шариғат тыйым салған күнәлі істерден аулақ болуға шақырамыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз өсиетінде: «Арақ-шарап дегенді аузыңа алушы болма! Себебі, ол – барлық жамандық атаулының кілті», – деген. Қазақ халқында да «арақ атадан қалған ас емес» деген сияқты қанатты сөздің айтылуы арақ-шарап ішудің мұсылманға жат қылық екендігін айқындай түседі. Мәшһүр Жүсіп бабамыз арақ-шараптан аулақ болуға қатысты айтқан өсиетінде былай дейді:

Қаншама есті, білікті, ойлы кісілер, Шарапқа бас сұғып, қалған ісінен!

Қанша арлы, құлқы жақсы адамдар, Шарап ішсе, жынды болар, караңдар!

Қайран ақыл, ұят, білік, кісілік, Шарап арбап, жалап кұртқан пішінін!

Шарап ішпе, ішсең құтың қашады, Ішкен сайын ессіздігің асады!

 

Құрметті Жамбыл облысы тұрғындары мен кәсіпкерлері! Қасиетті Рамазан айының және осы айда ораза ұстаушылардың құрметіне алкогольді ішімдіктерді пайдаланбауға және сатпауға үндеймін. Сіздер осы үндеуге үн қосып, қолдау көрсетеді деген сенімдемін! Алла ізгі ниеттеріңізді қабыл етіп, адал кәсіптеріңізге береке нәсіп етсін!

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ

Жамбыл облысы бойынша Бас имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: