Ұлттық-рухани құндылықтар - радикализмнің алдын алудың балама жолы

Ұлттық-рухани құндылықтар - радикализмнің алдын алудың балама жолы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әрбiр ұлт пeн хaлықтың жүрiп өткeн жолы мeн ұзын-cонaр тaрихы болaтыны секілді, қазақ халқының да дiнмeн, имaнмeн, ceнiммeн, дала өркениетімен бiтe қaйнacып жaтқaн өз тaрихы бaр. Бұдaн кейінгі ұрпақ өмiрлiк caбaқ aлып, кeлeшeгiнe болжaм жacaйды. Бүгiнгe дeйiн қaзaқтың тaрихы бiрaз зeрттeлiп-зeрдeлeнгенмен, ұлттың жүрiп өткeн дiни жолын түбегейлі қарастырған eңбeктeр нeкeн-caяқ. Тaрихымыздың қaтпaр-қaтпaр қойнaуын aқтaрcaқ, рухaниятымыздың, дiнiмiздiң, мiнeз-құлқымыздың, дүниeгe көзқaрacымыздың дa өзіндік ерекшеліктері болғaнын aңғaрaмыз.

Бaбaлaрымыздың дiни жолы мeн ұcтaнғaн бaғыты қaндaй болғaн, acыл дiннiң дaңғыл жолына қaй ғacырдa қоcылдық дeгeн ceкiлдi cұрaқтaр бүгінде әр қaзaқты қызықтырып, соның жауабын күтеді. Сондықтан дүниeнi жaйлaғaн жaһaндaну дәуiрiндe бұрын көз көрiп, құлaқ ecтiмeгeн caн түрлi дiни aғымдaрдың eлiмiздe caйрaн құрғaнын ескеріп, бұрынғыны зeрдeлeу aса мaңызды.

Біздің бабаларымыздың исламмен танысуы сонау 8 ғасырдағы Атлах шайқасына тіреледі (751 ж.) бұл кем дегенде 13 ғасырға жуық исламмен бірге келе жатқанымызды білдіреді. Бәз біреулер айтып жүргеніндей ислам бізге тәуелсіздіктен кейін келген жоқ.

Оның үстіне қазіргідей жаһанда дауасы жоқ экстремизм, терроризм деген дерттің ушығып тұрған заманында бұл індеттен аз ғана шығынмен қалай құтылуға болады деген сауал саналы қоғамның санасында болуы заңды құбылыс. Ал осы орайда біздің жүріп өткен тарихымыз бен рухани жолымызда ешбір келеңсіздіктің болмағандығын ескерсек, қазір де осы құндылықты жаңғыртудың зияны болмасы хақ.

Сондықтан қазақтың діни-рухани бірегейлігі өзекті тақырыпқа айналды. Қазіргі қоғамдағы көптеген проблемалық мәселелерді шешуде өткенге көз салу, құндылықтық бағдардан адаспау маңызды. Себебі, қоғамдық даму, өндіріс, экономика қарыштап алға жылжығанымен адамгершілік қағидалар, ар-ождан нормалары ешбір заманда өзгермек емес. Сондықтан да рухани құндылықтардың ескірмейтіні белгілі. Ал, өз кезегінде өткеннің өсиеті қазіргіге бағдар болары сөзсіз.

Қадірлі қауым!

Ұлы даланың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымымен үндестіктің сақталуы. Бұл көптеген шариғи, діни талаптардың дала заңымен үндесуінде үлкен рөл атқарған халықтың радикалды діни ұстанымнан аулақ болуы жатыр. Имансыздық, құдайға берілмегендік сияқты сипаттар дін ғұламаларының шығармаларында сынға ұшырағанымен имансыздықпен, күпірлікпен айыптау, оларға қарсы үндеу жасау сияқты жағдайлар өте сирек орын алған.

Қазірде талай заманнан халық ішінде дәстүрге айналған құндылықтарымызды мансұқтауға талпынатын топтар бар. Олардың пікірінше шариғатта көрсетілмеген дүниенің барлығын ұстану адасушылық болып табылады. Алайда біздің дәстүріміз бен рухани құндылықтарымыз діннің ешбір талабына қайшы келмейді. Тіпті діндегі рухани құндылықтарды қарапайым түрде тамаша үйлестіре білген деуге болады. Мәселен келіннің сәлем салуы, өлген адамға қонақ асын беруі, тұсау кесуі т.б. көптеген салт-дәстүрлеріміз исламдағы туысқандар арасындағы сыйластықтың берік қазығына айналған. Тіпті кейбіреулердің қарсы болып жүрген Наурыз мерекесі түгелдей мұсылманшылық бояуға бүрінген. Наурызда наурыз көже жасау, ағайынның арасын жақындастырып, «көрісу», реніш болса кешірісу мұның барлығы исламда құпталатын құндылықтар саналады. Сондықтан исламда қамтылмаған дүниелердің барлығына тиым салынған деп қарау қателік саналады. Мәселен, келіннің сәлем салуын Аллаға құлшылықпен (рукуғбен) шатастыруға болмайды. Себебі құлшылық басқа, құрмет басқа. Мәселен Құранда Алла Тағала періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер делінді, барлығы сәжде етті, тек Ібіліс сәжде етпеді...» делінеді. Сонда періштелер Адамға құлшылық еткен жоқ қой. Сондықтан «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген халқымызда бұл сыйластықтың белгісі ретінде көрініс тапқан құрметтеу салттарын табынушылық деп қарастырмайды.

Мәселен, қазақтағы аластау дәстүрін отқа табынушылықтан қалған сарқыншақ деп ойлайды. Алайда көшпелі қауымның тұрмысында бала жататын бесікті жылту, ондағы жағымсыз иістерді кетіру, (исламда отпен тазалау бар) оның ішіндегі ауаның жетімділігін тексеру қаншалықтың маңызды болғандығы түсінікті. Сондықтан да кез-келген салт-дәстүрдің астарлы мағынасын түсінбей тек исламға, шариғатқа қайшы деп түсіну дұрыс түсінік емес. Оның үстіне жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша еліміздегі мұсылман ғалымдар ахундар, ишандар, моллалар неге шариғатқа қайшы болса кезінде қарсылық білдірмеді деген заңды сұрақ туындайды. Сондықтан Алланың заңдылықтарын қолдану басқа, Аллаға серік қосу басқа нәрселер екендігін түсінген абзал. Бұхар Жырау бабамыз: Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа!» дегенде осы серік қосу туралы айтып отыр. Яғни қазақ қоғамы Аллаға серік қоспау керектігін о бастан түсінген.

Ислам келгеннен кейін араб қоғамындағы барлық салт-дәстүрлерді жойып жіберген жоқ. Сол замандағы киім салты, сол замандағы дастархан салтын әлі деп ұстанып келе жатыр. Біздің елдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты арабтың киіну формасын ұстанамыз деп ақымақтық болады және араб қоғамындағы ас мәзірін әкеліп қазақ қоғамына енгізу де солай. Сондықтан ата-бабаларымыз ұлттық ерекшеліктерімізге байланысты ислам дінінің құндылықтарымен қабысқан салт-санамызды жалғастырып келді. Сондықтан да ұлттық бояу, ұлттық құндылық, салт-дәстүр біз үшін баға жетпес қазына саналады. Қазақ халқындағы қонақжайлылық әлемнің өзге халықтарында кездеспейтін құндылық. Сол себептен қолданыстағы салт-дәстүрлерден серік қосу деп үркіту ұлтты дараландыратын ерекшеліктерімен айыру деген сөз. Ал бұл елдік мүддеге қайшы келеді.

Құрметті бауырлар!

Қорыта айтсақ, дін мен дәстүр тәрбие жолы, рухани азығымыз. Рухани құндылықтар негізі рухани санада қалыптасады, ол тарихта сақталып, сабақтасып отырады. Ата-бабамыздан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дін мен дәстүр сабақтастығын қадірлеп, құрметпен қарау біздің міндетіміз, әрі азаматтық борышымыз. Қазақ халқының дін ғұламаларының шығармаларындағы діни бірегейлік ғасырлар бойы халықты діни-сенімдік алауыздықтан сақтап келгендігіне дау жоқ. Олай болса, болашақта да халқымыз үшін, дін үшін, ең басты құндылық діни бірегейлік, бабалар ұстанған діни жолды жаңғырту және өскелең ұрпақ арасында молынан дәріптеуде екендігін әрбір руханият саласының өкілдері білсе игі болар!

 Лес Аслан

"Әулие ата" мешітінің наиб имамы

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: