Намазда жас балалардың бірінші сапта тұруы дұрыс па?

Намазда жас балалардың бірінші сапта тұруы дұрыс па?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Масғудтан (р.а.) жеткен хадисте:

كانَ رَسولُ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عليه وسلَّمَ يَمْسَحُ مَنَاكِبَنَا في الصَّلَاةِ، ويقولُ: اسْتَوُوا، ولَا تَخْتَلِفُوا، فَتَخْتَلِفَ قُلُوبُكُمْ، لِيَلِنِي مِنكُم أُولو الأحْلَامِ والنُّهَى ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ.

«Алла елшісі (صَلَّى اللَّهُ عليه وسلَّمَ) жамағатпен намазға тұрарда, иығымыздан сипап: «Сап түзеңдер, бірің алға шығып, бірің артта қалып қоймаңдар. Әйтпесе жүректеріңде саптарың секілді ала-құла болып кетеді. Менен кейінгі алдыңғы қатарда балиғат шағына жетіп, ақыл-ойы толысқандар тұрсын. Кейінгілер (яғни, жастар мен балалар) солардан кейін тұрсын. Ал олардан кейінгілер (яғни, әйелдер) кейінгі саптардан орын алсын»,- деп айтатын еді»,- деген (Мүслим, саләт 122).

Намазға тұрған кезде сапты түзеу жамағат арасында ауызбіршілік пен өзара жұмсақ қарым-қатынасты орнатады екен. Ал ол нәрсе мына ардақты Пайғамбарымыз (саллаһу аләйһи уә сәлләм) айтып кеткендей алдыңғы сапта ақыл-ойы толысқан, жасы келген аға-аталарымыздың тұруына байланысты. Пайғамбарымыз (саллаһу аләйһи уә сәлләм) жас балалардың бірінші сапта тұруын қайтармаған, тек абзалы сол орында мына жас буынға үлгі болатын ағалардың және аталардың тұруы екен. Сүннетке сай үлкенге құрмет көрсету барша жас буынның міндеті болып табылады. Сол себепті жастардың өздерінен үлкен болған кісілерге жол беруі жөн болады. Жастардың орын болған жағдайда алдыңғы қатарда тұрып намаз оқыса еш айыбы жоқ, керісінше Пайғамбарымыздың (саллаһу аләйһи уә сәлләм) «Ер адам үшін намаздағы саптардың ең хайырлысы – алғашқысы, ал ең жаманы – соңғысы», – деген хадисіне амал еткен болады(Мүслим, саләт 122).  Алла Тағала қасиетті     Құранда:

فَاسْتَبِقُوا الْخَيْرَاتِ                 

«Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» (Бақара сүресі,148-аят), - деген. Сондықтан баршамыз дін жолында әр қашан жақсы әрі игі істерде алдыңғы қатардан көрінуге тырысуымыз керек.

 


 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Имам Нәуәуи «РИЯДУС-САЛИХИН»
  2. Нұрлан Анарбаев «ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ»

Лес Аслан

Тараз қалалық орталық

«Әулие ата» мешітінің найб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: