Ата-анаға құрметпен қараудың 7 себебі

Ата-анаға құрметпен қараудың 7 себебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата-ананың өз баласына деген сүйіспеншілігі сондай күшті, сондай пәк, сондай риясыз, сондай көркем. Ал баланың ата-анаға деген сүйіспеншілігі сондай күшті бола алмайды, көп жағдайда тіпті риясыз емес деп те айтуға болады. Алайда Алла Тағала Өзі жаратқан пенделерінен ата-анаға деген риясыз сүйіспеншілікті талап етеді.

Құран аяттарында таухид сенімінен кейін адамдардан ата-анаға деген сыпайы қарым-қатынас талап етіледі: Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті... (17:23).

Сонымен қатар, Қасиетті Құранда балаларға да қатысты лайықты түрде қарым-қатынас болу керектігі келтірілген. Алайда балаларымызға деген сүйіспеншілік сөз бола қалса, кей кездерде біз шектен шығып жатамыз.

Алла Тағала бұл жөнінде былай айтқан: Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар (8:28).

Бауыр етің балаға деген сүйіспеншілігің табиғи нәрсе, бірақ ата-анаға деген сүйіспеншілік күш-жігер мен сабырды талап ететін құбылыс. Бәлкім, біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) сол себепті де ата-анаға деген құрмет пен сыпайы қарым-қатынас туралы аз айтпаған шығар...

Төменде ата-анаға құрметпен қараудың 7 себебін келтіреміз:

1. Алла Тағала разылығына кенелу амалы

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: “Алла Тағала разылығы – ата-ана разылығында. Алланың ашуы – ата-ана ашуы” (Тирмизи).

2. Пайғамбарлар қасиеті

Алла Тағала Құранда Яхия пайғамбардың (а.с.) жеке бас қасиетін былай сипаттаған: “Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емес еді” (19:14).

Алла Тағала Ғиса (а.с.) жөнінде де тура осылай айтқан:“(Мені) шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқар қылмады” (19:32).

3. Жұмаққа апарар жол

Бірде бір сахаба Пайғамбарымыздан (ﷺ) оны өзімен бірге әскери жорыққа ала кетуді өтінеді. Алла Елшісі (ﷺ) оның анасының бар, жоғын сұрайды. Әлгі сахаба анасының бар екенін айтады. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Анаңның қасында қал, өйткені Жұмақ ананың аяғының астында», - деген екен» (Ахмад, Насаи).

Адамзаттың асылы Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім Аллаға бойұсынып, ата-анасының екеуіне де бағынса, оның алдынан Жұмақтың екі қақпасы ашылады, ал ата-анасының біреуіне бағынған жанның алдынан Жұмақтың бір қақпасы ашылады. Ал кімде-кім Аллаға бойұсынбай, ата-анасына бағынбаса, оның алдынан Тозақтың екі қақпасы ашылады» (Ибн Маджа).

4. Ең жақсы амалдардың бірі

Ибн Аббас келесі риуаятты келтірген: «Алла Елшісінен (ﷺ): «Уа, Алла Елшісі, Алла алдындағы ең сүйікті амал қайсы?» – деп сұрадым. Ол (ﷺ): «Уақытында оқылған намаз», - деп жауап берді. «Ал келесісі қандай амал?» - деп сұрадым. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Ата-анаға деген жақсы қарым-қатынас», - деп жауап берді» (Муслим).

5. Ата-ананы құрметтемеу – ауыр күнә

Алла Елшісі (ﷺ) ауыр күнәларды тізбектей отырып келесіні айтқан: пұтқа табынушылық, ата-анаға бағынбау, адамды өлтіру және жалған ант беру.

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Ата-анасының екеуіне немесе біреуіне кәрілік жетіп, бірақ олардың баласының Жұмаққа кірмеуі не деген қорлық» (Мүслим).

6. Ата-ананың баласы үшін жасаған дұғасы әрқашан қабыл болады

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Үш пенденің дұғасы қабыл болатындығында еш күмән жоқ: жәбірленушінің, жолаушының және ата-ананың баласына жасаған дұғасы» (Ибн Маджа).

7. Ешқашан ата-ананың қарызын қайтара алмайсыздар

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: “Ұлы – әкесін құлдықта көріп, оның құнын төлеп, сатып алып, азаттық бермейінше – әкесінің қарызын қайтара алмайды” (Мүслим).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: