Жұма намазы парыз болып табылмайтын жандар

Жұма намазы парыз болып табылмайтын жандар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жұма намаз қыз-келіншектерге парыз етілмеген, бұл жөнінде дін мамандарының ортақ пікірі де бар. Алла Елшісі (ﷺ) кімдерге жұма намазы парыз болып табылатынын, ал кімдерге парыз болып табылмайтынын айтып кеткен:

"Жұма намазы барлық мұсылман жанға парыз болып табылады, тек құлдарға, әйелдерге, балаларға және науқастарға емес" (Әбу Дәуд, Салят 215; Хаким, Мустадрак 1/425; Бейхаки, Суннани-Кубра 3/172).

Жабир (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Алла Тағала мен Қиямет күніне иман келтірген жанның бәріне жұма намазы парыз болып табылады, алайда келесі санаттағы адамдарға ол парыз емес: науқастарға, жолаушыларға, әйелдерге, балаларға» (Ибн Аби Шайба, Мусаннаф, 1/446; Даракутни, Суннан, 2/3).

Осы мәселеге қатысты басқа бір риуаят бар: «Қыз-келіншектерге жұма намазы парыз болып табылмайды» (Әбу Дәуд, Салят, 240; Ахмад бин Ханбаль, Муснад, 5/85).

Ендеше, жоғарыда келтірілген хадистерге сай Алла Тағала қыз-келіншектерді жұма намазын оқудан босатқан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: