Құранды әр адам өз ойымен түсіндіруге бола ма?

Құранды әр адам өз ойымен түсіндіруге бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла Тағаланың атымен бастаймын.

 Сөзсіз, Құран аяттарын әр адам өз ойымен түсіндіруге тыйым салынады. Құран аяттарын түсіндіріп, тәпсірлеу үшін, шариғат ілімдерін жітік білу талап етіледі. Талап етілетін ілім саласы:

а) илм-уль-акаид – ақида ілімі;

б) илм-уль-фикх – шариғат ілімі;

в) илм-уль-хадис – хадис ілімі;

г) усуль-уль-фикх – шариғат негіздері;

д) илм-ус-сарф –морфология ілімі;

е) илм-уль-лугат – тіл филологиясын білу;

ж) илм-ун-нахв – араб грамматикасын білу;

з) илм-уль-магани –семантика ілімі;

и) иштикак-уль-альфаз – туынды сөздерді білу (сөздердің қайнар көзі мен түбірі);

к) илм-уль-байан – сөз тұлғаларын білу;

л) илм-уль-бади – шешендік өнерді білу;

м) ан-насих-валь-мансух – аяттар мен ережелерді білу, күші жойылып, басқа аяттармен ауыстырылған аяттар;

н) илм-уль-кираат – қираат туралы білім;

о) асбаб-ун-нузуль – аяттар мен сүрелердің түсірілген себептері мен оқиғаларын білу;

п) аль-илм-уль-маухуб – адамның тақуалығы мен Ислам ілімін қатаң ұстануының арқасында, адамға тікелей Алладан берілген білім мен түсінік.

 Бұл білім салаларында маман болмаған адамға Құранды өз түсінігіне сүйене отырып түсіндіруге рұқсат етілмейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құранды қажетті білімсіз, өз түсінігіне қарай тәпсірлегендерге қатаң ескерту жасаған:

 

 من قال في القرآن بغير علم فليتبوأ مقعده من النار

 

«Кімде-кім Құранды білімсіз тәпсірлейтін болса, тозақтан өз орнын дайындай берсін», - деген. (Тирмизи. Сунан. – № 2950, Ибн Аббас жеткізген)

Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кімде-кім Құранды дұрыс білмей тәпсірлесе күнәға бататынын, тіпті оның тәпсірі дұрыс болып шықса да, күнә арқалайтынын айтқан:

 

 من قال في القرآن برأيه فأصاب فقد أخطأ

 

«Кімде-кім Құранды өз түсінігіне сүйене отырып тәпсірлесе, оның тәпсірі дұрыс болып шықса да, бәрібір қателеседі», - деген. (Тирмизи. Сунан. – № 2952, Абдулла ибн Аббас жеткізген)

Сондықтан адам ешбір жағдайда Құранды өз пікірімен түсіндіруге тырыспауы керек. Бұл мәселеде өте сақ болу керек және Құранның бір немесе басқа аяттарының мағынасын түсіну қажет болып жатса, әрқашан ғұламаларға жүгіну керек немесе сенімді тәпсірге жүгіну қажет.

Алла бәрін білуші.

 

Муфтий Сухайл Тармахомед

Орыс тілінен аударған

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің ұстазы

ЕсболАЛПЫСБАЕВ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: