Ислам және қазақ тарихындағы діндәр әйелдер

Ислам және қазақ тарихындағы діндәр әйелдер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әйел – ер кісінің екінші жартысы» деген ардақты Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын).

Алла Тағала әйел баласын өте нәзік әрі әлсіз етіп жаратты. Оған табиғи рең беріп, көркемдеді. Тағдырдың салмағын нәзік жүрегімен көтере білсін деп оны төзімді етіп жаратты. Дүниеге адам әкелуді, әр ауыртпалықты жеңсін деп Алла Тағала оған мықты қажыр берді. Ерінің иманының толығуына, нағыз ер болып қалыптасуына әсер ететін де осы әйел. 

Ислам тарихындағы әйелдер

 • Адамзаттың асылы сүйікті пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дінді насихаттай бастағанда, әйелдер қауымы да оған өте көп қолдау көрсеткен. Хадиша анамыздың (р.а.) Исламды алғаш болып қабылдап, бүкіл байлығын дін жолында сарп еткені белгілі. Осы себепті пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ел менен теріс айналған кезде, Хадиша маған сенді. Айтқандарымды ешкім қабылдамағанда, мені алғашқы болып растаған сол еді», – деп, оны өмір бойы ұмытпай, жақсылықтарын әрдайым еске алып отырған.

 • Дін жолындағы осындай табанды ерліктері мен қажырлы еңбектерін бағалап пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірде: «Осы дүниеде де, ақыретте де құрметке ие болатын төрт әйел бар: Имранның қызы – Мәриям, перғауынның жары – Әсия, Хуайлидтің қызы – Хадиша, Мұхаммедтің қызы – Фатима», – деген еді (Ибн Исхақ Мухаммед)

•Хадиша анамыздың Ислам дінін алғаш қабылдап, бүкіл байлығын дін жолында жұмсағандығы белгілі. 

      Осы тұста Ислам дінінің әйелдер қауымына әйелге тән мінез-құлқы, қасиеттері, құқықтары мен міндеттері бар жеке тұлғалар ретінде қарастыратындығын көреміз. Нәзік жаратылған әйел адамының дінге қатынасын алып қарайтын болсақ, барлық діндегі әйелдер мен ерлердің Жаратушы алдындағы міндеттері мен құлшылықтары бірдей саналғандай Ислам дініндегі әйелдің міндеті ерлердің міндетімен бірдей.

Қазақ тарихындағы діндар әйелдер                         

•Қазақ қашан да қызын құрметтеп, төрге шығарып, әйелін жарым деп сыйлап, анасын асыл қазынам деп бағалайтын дана халық болған Төле би атамыз: «Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші – иманың, Екінші – жиғаның, Үшінші – ырысыңның тұрағы.» – деп бекер айтпаса керек

Тарихымызға көз жүгіртсек, қазақ қоғамындағы әйелдің негізгі орны отбасы, ошақ қасы болса да, қазақ әйелдері өздерін қоғам қайраткерлері ретінде көрсетіп, өзін-өзі дамытып, дүйім жұртқа үлгі болуға мүмкіндіктері болған. Тарихтағы Болған ана, Домалақ ана, Дарабоз ана, Қызай ана, Найман ана, Ұлпан аналар – рулы елдің бүтіндігіне қызмет еткен қайраткер тұлғалар болса, Бопай, Ақбикеш, Гауһар сынды батыр әйелдер қазақ даласына жау шапса, атқа қонып, қару асынып, елі мен жерін қасық қандары қалғанша қорғап, сол жолда жандарын берген. Өткен ғасырдағы Әлия, Хиуаз, Мәншүктер де тарихтағы қазақтың батыр аналарының жалғасы іспеттес.

Есимкараева Эльмира Аманқожаевна

Жамбыл облысы, "Қордай" аудандық мешітінің ұстазы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: