Шыншыл бала

Шыншыл бала

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Абдулқадыр Гейлани бала кезінде білім іздеп Бағдатқа жол тартпақ болады. Ұлының шапанының астарына ақша тігіп беріп жатып шешесі: «Балам, ешқашан өтірік айтушы болма», – деп өсиет айтады. Осылайша болашақ ғұлама керуенге ілесіп жолға шығады. Бір күні күтпеген жерден қарақшылар кезігіп, керуендегілерді қорқытып, дүние-мүліктерін тартып алады. Бір уақытта қарақшылардың бірі:

–  Әй, бала, сенде не бар? – деп ақырып қалады.

–  Қырық алтыным бар, – дейді бала.

–  Қырық алтын? Қане?

–  Шапанымның астарында тігулі.

Қараса, расында да, қойынында тігулі алтындары бар екен. Мұны көргенде қарақшылар:

–  Бекер айттың. «Ештеңе жоқ» дей салсаң, сені ешкім тексермес еді, – дейді қарқ-қарқ күліп.

–  Қателесесіз, – дейді сонда бала, – мен өтірік айта алмаймын, өйткені маған анам кетерімде өтірік айтпауды ескерткен. Егер сіздерді алдасам, біріншіден, күнә жасар едім, екіншіден, анамның өсиетін жерге тастаған боламын.

Қарақшылар баладан мұндай жауап күтпеп еді. Қапелімде ештеңе айта алмай сасып қалады. Қарақшылардың басшысы болса ойланып тұрып:

–  Бұл бала бізге үлкен сабақ ұқтырды. Қарашы, кіп-кішкентай болып, уәдесін бұзудан, күнә жасаудан қорқып тұр. Қандай пәктік?! Ал біз үлкен бола тұра күнә жасаудан шімірікпейміз, – дейді. Сөйтті де керуендегілердің заттарының бәрін кері қайтарады. Керуен тонаумен жан баққан топ мүшелері көп өтпей тәубе етіп, қарақшылығын сап тыйған екен. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: