Сауабы мен күнәсі тең түссе, қайда барады?

Сауабы мен күнәсі тең түссе, қайда барады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран Кәрімде сауабы мен күнәсі тең түскен мұсылмандар жайы: «Ол екі топтың арасында бөгет бар. Ағрафтың үстінде жәннаттық пен тозақтықтарды белгісінен танитын адамдар бар. Олар Жәннаттықтарға: «Сендерге амандық болсын!», – деп үн қатады. Олар Жәннатқа кірмеген, Жәннатты үміт етеді», - деп баяндалған. 

Хузайфа, Ибн Аббас, Ибн Масғұд (р.а.) және тағы басқа сахабалар сауабы мен күнәсі тең келген адамдар басқалардың есеп-қисабы біткенше Ағрафта тұратындығын риуаят еткен. Ағраф – Жәннат пен Тозақ ортасындағы биік қорған. Ибн Жарир Хузайфадан (р.а.) мына риуаятты келтірген: «Ағраф иелері – сауап және күнә амалдары тең түскендер. Олардың күнәлары Жәннатқа кіруге кедергі болған, ал сауаптары Тозаққа кіргізбей ұстап тұрған жандар. Олар Ағраф қорғанында Алла Тағала басқаларға төрелік етіп болғанша тұрады».

Түйіндей айтқанда, адамзат Жәннат пен Тозаққа бөлінген соң, Алла Тағала Ағраф иелерін Өз кеңшілігі және мейірімімен Жәннатқа кіргізеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: