Кілем ұрлаған ұры

Кілем ұрлаған ұры

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде Мәулана Жалаладдин Румидың үйіне қайыршы бас сұғады. Мәулананың намаз оқып тұрғанын көрген қайыршы дереу бір кілемшені ұрлап шығып кетеді. Мұны байқап қалған көршісі ол ұрыны базарда әлгі кілемшені сатып жібермек болып тұрған жерінен ұстап алып, ұрып-соғып Мәуланаға алып келеді. Сонда әлгі ұрының таяқ жеген кейпіне жаны ашыған Мәулана: «Алса, бәлкім, керек болғаннан кейін алған шығар, соған бола бұл байғұсты ұрмай-ақ, қолынан сатып-ақ ала салсаң болмас па еді», – деп аяушылық танытқан екен.

Қазіргі таңда ұрыға жан ашытпақ тұрмақ, туған-туыстарына жан ашытар адам аз ғой, өкінішке орай...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: