Қызық!

Қызық!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызық! «Өмір өтіп бара жатыр» деп жиі налимыз, бірақ жүрегіміздің түбіне терең үңілсек, сол өмірдің шынымен өтіп бара жатқанына өкініш таппаймыз.

Қызық! Қолымыздағы 100 теңге садақа үшін  беруге көптік етеді, ал «сол 100 теңгеге базарға барып сауда жаса» десе күлкіміз келеді.

Қызық! Бір күннің бір жарым сағатын құлшылыққа арнауды қиынсынамыз, ал 90 минут болатын футболдың қызықты өткені соншалық, қалай аяқталғанын байқамай қаламыз.

Қызық! Футболда қосымша уақытқа келгенде көгілдір экранға кіріп кете жаздаймыз, ал рамазан айындағы қосымша құлшылықтарды көпсінеміз.

Қызық! Дұға жасап жатқанда сөзге сараң боп қаламыз да, ал біреу жайлы өсек  айтқанда аузымызға тоқтау таба алмай қаламыз.

Қызық! Құраннан бір пара оқуды көп көреміз, алайда «Жұлдыздар отбасын» оқығанда 30 беттің аз уақытта аяқталып қалғанын байқамай қаламыз.

Қызық! Концерттік бағдарламаларға барғанда алдынғы қатарға отыруды қатты қалаймыз, бірақ мешітте соңғы қатарлардан орын алуға тырысамыз.

Қызық! Жұма намаздарына барғанда имамның аузынан естіген уағыздарымызды өзгелерге жеткізуді жөн деп білмейміз, бірақ ел аузында жүрген  өсек-аяңды теріп әкеп, дастарқан басында шашып саламыз.

Қызық! Күнделікті сериалдардың басталуын сабырымыз таусылып тұрып күтеміз де, ал намаз уақыттарының өтіп бара жатқандығына алаңдамаймыз.

Қызық! Өмірдің өткінші екенін ойлап, өлгіміз келмейді, солай бола тұра Жұмаққа кіруді армандаймыз.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: