Білікті психолог әйелдер жамағатына семинар жүргізді

Білікті психолог әйелдер жамағатына семинар жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстаздарының ұйымдастыруымен орталық мешітке "Бала психологиясы және Тұлғалық даму" бағыты бойынша еңбек атқарып жүрген білікті маман Ұлдана Әділхан шақырылды.

Бала тәрбиесі, бүгінгі таңдағы баланың психологиясына қарай әрекет ету, қалай бақытты бала өсіруге болатыны жайлы, әйелдердің жеке тұлғалық дамуы, үйде отырып қарайып қалмаудың жолы, білім алуды неден бастау керектігі сынды түйіткілді мәселелердің түйіні тарқатылды.

Жамағат көкейкесті сауалдарын қойып, шешім боларлық жауаптар ала алды. Көпшілік "өте пайдалы семинар болды" деп алғыстарын айта тарқасты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: