Қордай аудандық мешітінде "Исламдағы отбасы" тақырыбында қыз-келіншектерге арналған семинар өтті. Аталған ауқымды шараны мешіт ұстазы Эльмира Аманқожақызы ұйымдастырып, қыз-келіншектерді, әжелерді мешітке жинады.
Семинарда жалпы отбасының қоғамдағы орны, тәрбие, отбасы мүшелерінің орны туралы сүбелі сөз қозғалды. Тәрбие мен шариғат шеңберіндегі қыз бен ұл тәрбиесі, ерлі зайыптылар қарым-қатынасы түсіндіріліп, құран мен хадистен дәлел келтірілді.
Құндылығы жоғары, мән-мағынаға толы отырыстан әйелдер жамағаты мол білім алып шыққандарын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі