Жамбыл әйел-қыздар секторына жаңа жетекші тағайындалды

Жамбыл әйел-қыздар секторына жаңа жетекші тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жанұя ошағының негізгі тірегі әйел заты. Әйел баласының қоғамның қабырғасын қалаудағы күштірек. Өйткені бала тәрбиесі әйелден басталады, отбасы ұйытқысы да әйел. 

Қоғамдағы әйелдерге қатысты іс-шараларды ұйымдастырып, білім беретін, әйлдермен жұмыс жасайтын мешіттің жұмыс бөлімі - Әйел-қыздар секторы. 

Аталған ҚМДның Жамбыл облысындағы сектор басшысы болып бас мүфтидің бұйрығымен Жазира Иманалиева тағайындалды. 

Жазира ұстаз 2009-2013 жылдары Шымкент медресесін, 2013-2014 жылдары Түркия медресесін, 2017-2020 жылдары "Нұр-Мүбәрак" университетін бакалавр бойынша тамамдаған. Сонымен қатар 2021 жылы Түркия мемлекетінде "Мектепке дейінгі балаларға діни сауат ашуды үйрету" білімі бойынша орталықта білім алған білікті маман. 

Ақерке Бекқұлова

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: