Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық жасалды. Аталған көмек бес отбасын қамтыды.
Азық-түлік ретінде үлестірілген көмекті алған отбасылар, аудан имамына өз алғыстарын білдірді. Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған. Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғастырып, тұрмысы нашар отбасыларын, жетім-жесірді қорғап, қолдаса дейміз. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», - демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да мақал-мәтелдерде айтып кеткен.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі