Жамбыл ауданына Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы арнайы іс-сапармен келген болатын. Аталмыш іс-сапар бойынша, облыстық дін өкілі Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде дін маманы радикалды топ өкілдері мен жат ағым турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әрбір адамның жаны, өмірі – өзіне аманат болса, бүгінгі адамзат қоғамын тұтас қалыпта, дұрыс бағытта ұстап тұру да – баршаға аманат екендігін ұмытпайық. Олай болса, Қазақ елінің ішкі тұтастығы мен қауіпсіздігін, тыныштығын сақтауда ерінбей еңбек етіп, көзіміздің қарашығындай қорғауымыз – азаматтық һәм мұсылмандық парызымыз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі