Жамбыл ауданы Түрксіб ауылына іс-сапармен барған Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы Түрксіб ауылы №13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде оқушылармен кедесті. Келелі кездесуде дін маманы оқушы жастарға «жат ағым» турасында кеңінен баяндады.
Дін атын жамылған дүмше ұйымдар турасында тың ақпараттарға қаңық болған жас шәкірттер өз сұрақтарына жауап алды. Аталмыш мектеп оқытушылары мен ұстаздары уақыт бөліп келгені үшін маманға өз алғыстарын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі