Адам баласы қоғам ретінде өмір сүруге бейім жаратылғандықтан бір-біріне мұқтаж. Осындай мұқтаждық адамдардың бір-біріне жәрдемдесуін, бір-бірінің кем-кетігін толтыра отырып, үйлесім негізінде өмір сүруін талап етеді. Сондықтан да ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан.
Шу ауданы Сауытбек ауылының имамы Шаттық Қамаубаевтың ұйымдастыруымен жағдайы төмен 7 отбасына арналып қой сойылып, еті таратылды.
Етке қосып ұн, құмшекер, сұйық май, макарон табысталды. Игілікке жұмсалған жалпы қаражаттың көлемі 100 000 теңгені қамтыды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

