#Т.Рысқұлов: Бас имам рухани тәрбие сағатын өткізді

#Т.Рысқұлов: Бас имам рухани тәрбие сағатын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Луговой ауылы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушыларымен жүздесіп, рухани тәрбие сағатын өткізді. Бас имаммен бірге тәрбие сағатында басқа да дін қызметкері сөз сөйлеп, тәрбие жайында аз-кем мағлұматпен бөлісті.

   Сұлтаншәріп қажы сөзінің бірінде: Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Рухани тәрбие – өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.

    Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу кезек күттірмес мәселе. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез-құлқын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады,- деп қоса кетті. Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы діни теріс ағымдардың жастарға тигізер залалы мен кесіріне де тоқталуды жөн көрді.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: